Биыл барлығы 20 елден 340 атлет жиналды
Бүгін Қытайдың Наньчан қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден сары құрлық чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан командасы 4 алтын, 4 күміс және 4 қола жүлденің арқасында жалпы есепте жарыс қожайынынан кейінгі 2-орынға тұрақтады. Қытай құрамасы жарыстың басынан-аяғына дейін көш басындағы орнын сақтап қалды. Үшінші сатыға Иран елінің ескек есу шеберлері табан тіреді.
Чемпиондар:
Күміс жүлдегерлер:

Қола жүлдегерлер:
«Біз үшін 12 жүлде жақсы нәтиже. Негізгі қарсылас жарыс қожайыны болатыны белгілі еді. Төрт алтынның екеуін Олимпиада бағдарламасына кіретін қашықтықта алдық. Алып келген командамыздың 50-60% жастар. Қазір соларды негізгі құрамға қосуға ден қойып отырмыз»,-деді Ұлттық құраманың бас бапкері Қайсар Нұрмағамбетов Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Айта кетейік, Наньчан қаласында өткен XX чемпионатқа келген Ұлттық құраманың барлық 26 спортшысы финалда сынға түсті. Биыл барлығы 20 елден 340 атлет жиналды.

«Сергей Емельянов, Ольга Шмелёва сынды тәжірибелі спортшыларымызбен қатар жаңа қосылған жастар да өзін жақсы көрсете алды. Бірнешеуі ересектер арасындағы алғашқы жүлдесіне ие болды. Енді алда 23 жасқа дейінгі санатта Таиландта Азия чемпионаты болады. Сол жерде жақсы нәтиже көрсетеріне сенеміз»,-деді байдарка мен каноэде ескек есуден ҚР-ның Мемлекеттік жаттықтырушысы Дәулет Сұлтанбеков.
Осыған дейінгі 5 Азия чемпионатындағы Қазақстанның нәтижесі:
Оқи отырыңыз: Ерасыл Қажыбаев Астанадағы Grand Slam турнирінің алтын медалі үшін күреседі