БАҚ өкілдеріне құрмет: Әуезов ауданында мерекелік шара өтті

Аталған салада еңбек етіп жүргендерге аудан әкімі атынан Алғыс хат табысталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Әуезов ауданы әкімі аппараты Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әкімдік өкілдері тілшілерді, операторлар мен редакторларды бильярд клубына шақырып, уақытты көңілді өткізуге мүмкіндік жасады. Аталған салада еңбек етіп жүргендерге аудан әкімі атынан Алғыс хат табысталды.  

«Біз жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан журналистер қауымын кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, осы бір игі іс-шараны қолға алдық. Бүгін оларды арнайы шақырып, салтанатты марапат ұйымдастырдық. Бұл – еңбектің еленуі, алғысымыздың белгісі. БАҚ өкілдері халық пен билік арасындағы алтын көпір қызметін атқарып жүр», – деді Әуезов ауданы әкімі аппараты мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Әйгерім Исалиева.

Оқи отырыңыз: Еліміздің барлық пойызы бейнекамерамен жабдықталады

Новости партнеров