«Бақты – Аягөз» теміржолы: Қазақстанның транзиттік әлеуеті арта түспек

Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымын арттыруға мүмкіндік беретін стратегиялық жоба туралы Президент Жолдауында айтылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздің транзиттік әлеуетін арттыратын тағы бір жоба аяқталуға жақын. Абай облысында салынып жатқан «Бақты – Аягөз» теміржол желісі алдағы жылы іске қосылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі

Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымын арттыруға мүмкіндік беретін стратегиялық жоба туралы Президент Жолдауында айтылды. 303 шақырымдық теміржол еліміздің жүк өткізу әлеуетін жылына 20 миллион тоннаға ұлғайтады. Жоба аясында 11 станция, ондаған көпір және басқа да инженерлік нысан салынады. Жаңа теміржол – өңір экономикасына серпін беретін ірі инфрақұрылымның бірі. Мысалы, Бақты ауылында құрғақ порт пен логистикалық парк ашылмақ. Бұл жүк тасымалын жеделдетіп қана қоймай, шекара маңындағы сауданы дамытуға мүмкіндік береді. Жаңа бағыт жүк тасымалымен шектелмейді. Қойма, жүк өңдеу және қызмет көрсету салалары да дамиды. Жоба аясында 1200 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген.

«Қазақстан – Евразиядағы транзиттік хаб. «Бақты-Аягөз» темір жол жанынан Бақты ауылында үлкен құрғақ порт ашады. Жанында логистикалық парк ашылады. Бұл көп адамға жұмыс береді және айтатын болсақ жылына 20 млн тоннадан артық жүк тасиды. Қазақстан логистикаға кірістік, ортасында жүрміз. Біз қалмауымыз тиіс. Экономикамыздың дамуына үлкен әсер етеді», – деді халықаралық экономист Асқат Дүйсенбаев.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда қала халқы көбейіп, ауыл тұрғындарының саны азайды