Туындыда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өмір жолы, ата-анасының тағдыры мен балалық шағы жайлы жазылған
Қазақ әдебиеті тағы бір тың туындымен толықты. Бүгін Алматыда Сәуле Досжанның «Бала шақтан - болашаққа» атты кітабының тұсауы кесілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Туындыда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өмір жолы, ата-анасының тағдыры мен балалық шағы жайлы жазылған. Автор бұл еңбек арқылы кітап сүйер қауымды армандауға, сол арманға жету жолында талпынуға, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге шақырады. Іс-шара барысында ақынның өлеңдері оқылып, әндері шырқалды.
«Жақсы анадан жақсы бала туылады.Ұлтты сүйетін ата-анадан ұлтты сүйетін перзент дүниеге келеді. Ол ертең Отанына қызмет етеді. Кітапта ол кісінің саяси өмірі жоқ, таза отбасылық тәрибе. Осы кітапты оқыған адамдар Президенттің қандай отбасыдан шыққанын, қалай адам болғанын біледі. Кітапта тіпті жұрт елеңдейтіндей жеке өмірі де жоқ», – деді ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Досжан.
«Ол кісінің кітап жазып шыққанын естіп, қолқа салдық. Алғашқылардың бірі болып, кітаппен танысып, халыққа таныстырсақ дедік. Ол кісі қабыл алды, бүгін біздің ортамызда отыр», – деді № 187 жалпы білім беретін мектеп директоры Риза Мырзаханова.
Оқи отырыңыз: Бекзат болмыс: Алматыда актер Бекжан Тұрыс туралы кітап жарық көрді