«Балам дұрыс сөйлемейді немесе тұтығып, дыбыстарды анық айта алмайды» деп шағымданатын ата-аналар көбейді. Бұған дейін тек «кеш сөйлейді» деп қараған жағдайлар нақты дертке айналып отыр. Медицина жетілген заманда тілі уақытында былдырлап шықпаған балдырғандарға – аутизм, сөйлеу дамуының кешеуілдеуі, психикалық дамудың тежелуі секілді диагноздар жиі қойыла бастаған. Мұндай ауытқулар – тек отбасылық емес, ұлттық деңгейдегі маңызды мәселе. Сөйлеу дағдысында кемістігі бар балалар неге көбейді? Логопед мамандар қашанға дейін қат болмақ?
Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» телеарнасның студия қонағы логопед-дефектолог Әйгерім Сәрсенбаева жауап береді.