Балалар туралы сіз біле бермейтін қызықты деректер

02.06.2025 21:42

Әрбір ата-ана өз баласын ерекше санайды

Аlmaty.tv

Біз өмір сүріп жатқан әлем кейде қарапайым көрінгенімен, шын мәнінде, ғажайыпқа толы. Бізді үнемі табиғаттың тылсым жұмбақтарымен етене өмір сүреміз. Алайда есейе көпшілігіміз «сиқырлы сәттің» бәрін тез ұмытып, күнделікті күйбең тіршілік жетегінде кетеміз. Ал балалар сол сиқырды қайта сезіндіріп, өмірімізді қызықты әрі ерекше етеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Төменде біз балалар туралы таңғаларлық деректер тізбегін ұсынып отырмыз.

Ана мен бала ДНҚ алмаса алады

Сәби жатырда жатқан кезде оның жасушалары анасының ағзасына өтеді. Ол жасушалар ана денесінде жылдар бойы сақталып, кей жағдайда ауырған ағзасын емдеуге де көмектеседі.

Сәбилер әртүрлі «акцентпен» жылайды

Нәрестелер ана тіліне тән ырғақты құрсақта жатып-ақ естіп, жылау арқылы соған еліктейді. Сондықтан да француз, неміс немесе америкалық сәбидің жылағанын бірден ажыратуға болады.

Әлем балалар үшін тек қара мен ақтан тұрады

Алғашқы айларда сәбилердің көруі шектеулі болады. Олар тек қара, ақ және сұр түстерді ажырата алады. Кейін алдымен қызыл түсті көретін болады.

Бұрын операцияны наркозсыз жасайтын

1985 жылға дейін дәрігерлер сәбилер ауырсынуды сезбейді деп сеніп, наркозсыз операция жасаған. Бұл пікір бүгінгі таңда толығымен теріске шығарылған.

Сәбилер күн сайын 200 рет күлімсірейді

Сәбилер тіпті ұйықтап жатқанда да күліп жатады – бұл олардың эмоцияларын білдіру тәсілі.

Түс көрмейтін жылдар

Нейробиологтар сәбилер алғашқы жылдары түс көрмейді деп санайды. Себебі мидың осы функцияға жауапты бөліктері әлі толық дамымаған.

Нәрестенің сүйегі ересек адамнан көп болады

Жаңа туған нәресте қаңқасында шамамен 300 сүйек болады. Өсе келе бұл сүйектер бірігіп, ересек адамда 205–207 сүйекке дейін азаяды. Бұл — сүйектердің бірігіп, қатая түсуімен байланысты табиғи процесс.

Үш жасар бала ересек 200 адамнан қатты дыбыс шығара алады

Кішкентай балалардың дауысы мен энергиясы кейде бір топ ересек адамның шуынан басым түседі. Шудың қарқыны жағынан бір бала жүздеген адамның әңгімесін басып түсуі мүмкін!

Ең көне ойыншық біздің дәуірімізге дейінгі 1000 жыл бұрын жасалған

Көне Парсы еліндегі археологиялық қазбалар кезінде балаларға арналған ойыншық табылған. Ол қазір Франциядағы Лувр музейінде сақтаулы тұр.

«Түтікше арқылы туған» балалардың ең көбі Австралияда тұрады

Әлемдегі алғашқы ЭКО (экстракорпоралдық ұрықтандыру) сәбиі — Луиза Джой Браун. Ол Англияда дүниеге келген. Қазір бұл әдіс кеңінен қолданылады, ал ЭКО арқылы дүниеге келетін балалардың ең көбі Австралияда тұрады.

7 айға дейін бала бір мезгілде жұтып және тыныс ала алады

Бұл — көмейдің анатомиялық ерекшелігіне байланысты. Нәрестелердің көмейі жоғары орналасқандықтан, олар бір уақытта жұтып, мұрынмен дем ала береді. Кейін бұл қабілет жоғалады.

Ең көп бала туған әйел – XVIII ғасырдағы орыс шаруасы

Тарихта 69 бала туған ананың есімі қалды. Ол 27 рет босанған: олардың ішінде 21 үшем, 32 егіз және 16 бір бала болған. Бұл – адамзат тарихындағы рекорд.

Ең көп баланың әкесі – Марокко сұлтаны Исмаил

Сұлтан Исмаилдің 888 баласы болған. Оның гаремінде 500-ден аса әйелі болған және әр 20 күн сайын бір бала дүниеге келіп отырған. Ол – тарихтағы ең көп балалы әке.

Индиго балаларға арналған жабық клубтар бар

Бұл клубтарда ерекше дарынды балалар жиналады. Кейбірі 5 жасында 4 тілді еркін меңгеріп, өлең жазса, енді бірі күрделі ғылыми формулаларды шешеді. Мұндай балалар бұрын "Құдайдың сыйы" немесе "ақылынан адасқандар" деп қабылданған.

Сейсенбі күндері сәбилер дүниеге көп келеді

Көптеген елде дәрігерлер демалыс күндері ота жасамауды жөн көреді. Сондықтан кесір тілігі сияқты жоспарлы босанулар сейсенбіге жоспарланады. Нәтижесінде, дәл осы күні дүниеге келетін нәрестелердің саны басым болып шығады.

Дереккөз: kidskey.org

Оқи отырыңыз: Балаларды алаяқтардан қорғануға үйрететін мультфильмдер жарыққа шығады