Балалар жазғы демалыста ұлттық құндылықтарға мән бермек

01.06.2026 16:06

Өскелең ұрпаққа ойын арқылы салт-дәстүрімізді үйретіп, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруге барлық жағдай жасалған

Жаңа ашылған №223 білім беру орталығының жазғы лагері де оқушыларды қабылдады.  Мектепте  1 және 4-сынып аралығындағы 220 бала және жоғары сыныптан 150 оқушы демалысын пайдалы әрі қызықты өткізе алады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Лагерьде қазақы тәрбиеге басымдық берілмек. Өскелең ұрпаққа ойын арқылы салт-дәстүрімізді үйретіп, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруге барлық жағдай жасалған. Тіпті ата-аналар да демалыстан қалыс қалмай, ойын түрінде өтетін іс-шараларға қатыстырылмақ. Ал оқушылардың қауіпсіздігі - басты назарда. Лагерьдің алғашқы күні балалар арнайы шақыртылған цирк әртістерінің қойылымын тамашалап, сурет салып, күнін қызықты өткізді.

 «Лагерь жаз бойы жалғаса береді. 1-4 сынып оқушылары ыстық тағаммен қамтылады. Толығымен ағылшын тілі, қазақ тілі, математикадан және де айтып өткенімдей дәстүрді, ұлттық тағамдарды жасауды үйренеміз. Жоғарғы сыныптарымыз тереңдетіп оқыту, компьютерлік ойындар, робототехника, тоғызқұмалақ, асық ойындарын үйренеді», – деді № 223 жалпы білім беретін мектептің директоры Жеңісгүл Сатаева.

Оқи отырыңыз: Қауіпсіз әрі қызықты: Алматыда мектептердің бірінде жазғы лагерь ашылды