Ер адам оларды еркінен тыс мал бағуға жегіп, жоғалған әрбір қой үшін таяқ астына алған
Жамбыл облысында кәмелетке толмаған балаларды аяусыз азаптап, 5 жыл бойы құл ретінде пайдаланған өгей әкеге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Айыпталушы Ұзақбай Тұрбаев кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Еске салсақ, екі жасөспірім биыл тамызда Талас ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінен құтқарылған болатын. Ер адам оларды еркінен тыс мал бағуға жегіп, жоғалған әрбір қой үшін таяқ астына алған. Полиция әлеуметтік желіге тараған, қажыған балалардың видеосынан кейін қылмыстық іс қозғаған.
Айта кетейіr, сотталушы кінәсін мойындаудан бас тартқан.
«Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігінің санкциясы 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Сот жеңілдететін және ауырлататын мән жайды анықтаған жоқ. Сот үкімімен күдікті ҚК 110-бабы 1-2 тармақтары бойынша кінәлі деп танылып оған 4 жыл мерзімінде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», – деді Жамбыл облыстық сотының баспасөз хатшысы Алина Райымбаева.
Оқи отырыңыз: Қазақстандағы жекеменшік мектептерге 19 млрд теңге бөлінді