Балаларды сабаған санитарлар: Аягөздегі орталықта 100-ден астам зорлық дерегі анықталды

20.10.2026 14:41

Іске қатысы бар қызметкерлер жұмысынан шеттетілді

Абай облысы Аягөз ауданындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының санитарлары дәрменсіз жандарды жүйелі түрде сабап, зорлық-зомбылық көрсетіп, психологиялық қысым жасап келген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, қызметкерлер тарапынан 100-ден астам дерек анықталған. Арасында заңсыз әрекеттерді көре тұра, оларды тоқтатпаған және құзырлы органға хабар бермегендер де бар. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Іске қатысы бар қызметкерлер жұмысынан шеттетілді.

«Аталған факті бойынша прокуратура Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 140-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қатысы бар кінәлі тұлғалар қызметтік міндетін атқарудан шеттетіліп, балалармен қарым-қатынас жасауы шектелді. Балалардың құқығы мен заңды мүддесін қорғау, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету прокуратура органдары қызметінің басым бағыттары болып қала береді», – деді Абай облыстық прокуратурасының прокуроры Айым Қабылова.

Оқи отырыңыз: Заңсыз жұмыстан шығарылған 18 адам қызметіне қайта оралды

Толық көрсету