Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды
Балқашта мыс қорыту зауыты бой көтереді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Кәсіпорын жылына 300 мың тонна катодты мыс, 10 тонна алтын, 300 тонна күміс және 1 жарым млн тоннадан астам күкірт қышқылын өндіруге қауқарлы. Жобаға 750 миллиард теңге көлемінде жеке инвестиция тартылады. Оның құрылысы келесі жылы басталып, 2030 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Зауытта 1200 тұрақты жұмыс орны ашылады. Қызметкерлердің 95 пайызы қазақстандық мамандар болады.
«Өз кезегінде инвесторға да қосымша талаптар Үкімет тарапынан белгіленген. Талап – тұрақты 1200 жұмыс орнын құру ғана емес, әлеуметтік нысандарға қаржы бөлу. Жаңа заманауи технологияларды енгізу, студенттердің Қарағанды облысында білім алуына жаңдай жасау және де кәсіподақтарға жыл сайын қаражат бөлу. Жалпы жобаны іске қосу Қазақстандағы мыс өндірісін 1,5 есеге ұлғайтып, 800 мың тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді», – деді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев.
Оқи отырыңыз: Балқаш жағалауында көлікпен қауіпті әрекет жасаған жүргізуші қамалды