Балқаш ауданында 26 млн теңгелік инвестициялық жоба жүзеге асуда

11.11.2025 21:25

Шаруашылық 745 гектар суармалы жерді игеріп, күріш, бидай және мал азықтық дақылдар өсірумен айналысады

Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі

Балқаш ауданында ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған 26 миллион теңге көлеміндегі инвестициялық жоба табысты іске асуда, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кәсіпорын өз қаражаты есебінен өндірістік қуатты арттыруға және заманауи технологияларды енгізуге инвестиция салды.

Соның нәтижесінде 12 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, маусым кезінде жұмысшылар саны 20 адамға дейін ұлғайды.

Бүгінде шаруашылық 745 гектар суармалы жерді игеріп, күріш, бидай және мал азықтық дақылдар өсірумен айналысады.

Биылғы орташа өнімділік гектарына: күріш – 42 ц/га, бидай – 17,5 ц/га, мал азықтық дақылдар – 40 ц/га болды.

Оқи отырыңыз: ЖРВИ: Алматыда 260 мыңнан астам адамға екпе егілді