Балжан Бидаш Almaty TV көрермендерін мерекемен құттықтады

31.12.2025 12:26

Әнші Алматы жұртшылығын жаңажылдық тілегін жолдады

Аlmaty.tv

Қазақстандық әнші Балжан Бидаш Аlmaty TV көрермендерін Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, Алматы қаласына деген сүйіспеншілігін жеткізді.

«Құрметті, "Алматы" телеарнасының көрермендері! Алматы қаласында жаңажылдық қуаныш лебі ерекше сезіледі. Алматы қаласы әкімінің шыршасы да биыл айрықша тамаша өтті, халық көтеріңкі көңіл күймен келді.

Алматының әсемдігіне, тазалығына, тартымды бола түсуіне әрқашан бәріміз бірлесе атсалысып жүрейік. Өзім Алматыны ерекше қатты жақсы көремін, тек осы қалады тұрғым келеді. Сондықтан, Алматы, мен сені жақсы көремін, Жаңа жылың құтты болсын!», - деді әнші.

Оқи отырыңыз: Жеңіс Сейдоллаұлы: Жаңа жыл әр отбасына жақсылық әкелсін!