Қайғылы оқиға тұрғын үй кешендерінің бірінде тіркелген
Алматыда баннер орнатып жатқан жұмысшы 12-қабаттан құлап ажал құшты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қайғылы оқиға кеше Алмалы ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде тіркелген.
27 жастағы жігіт көп қабатты тұрғын үйдің қасбетіне жарнама тақтайшасын орнатпақ болыпты. Кейіннен ол екінші қабатқа құлап, алған жарақаттарынан жантәсілім еткен.
"Алмалы аудандық полиция бөлімі 27 жастағы жігіттің өліміне әкеп соққан еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның басқа да мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу шаралары кешені жүргізіліп жатыр", - деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Оқи отырыңыз: Қарағанды облысындағы архивтегі құжаттар бүліне бастаған