Батыс Қазақстанда оқытушылардың жалақысы лауазымды міндетіне сай төленбеген

17.12.2025 13:12

Оқытушылардың жалақысы орта есеппен 150–200 мың теңгеге көбейтілді

Almaty.tv

Орал гарнизонының әскери прокуратурасы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің әскери кафедрасының қызметін тексерді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тексерумен оқытушылардың жалақы мөлшері еңбек заңнамасының талаптарына қайшы белгіленгені еңбек ақы төлеудің теңсіздігіне әкеп соққаны анықталды.

Қадағалау актісі негізінде еңбек ақы жүйесі заңнамаға және қызметкерлердің лауазымдық міндеттеріне сәйкес келтірілді.

Оқытушылардың жалақысы орта есеппен 150–200 мың теңгеге көбейтілді.

Қабылданған шаралар оқытушылардың Конституциямен кепілдік берілген еңбек құқықтарын қорғауға мүмкіндік берді.

Оқи отырыңыз: Үкімет әлеуметтік маңызы бар тауарлар қатарын арттырып, баға реттеу аясын кеңейтті