Бауыржан Ибрагимовке кім көлік сыйға берді

14.05.2026 16:42

Жас жігіттің айтуынша, бұл сый – актердің өнеріне деген құрмет пен алғыстың белгісі

жеке парақшасынан алынды

Атыраулық Алмат есімді жігіт танымал сатира актері Бауыржан Ибрагимовке көлік сыйлады, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Жас жігіттің айтуынша, бұл сый – актердің өнеріне деген құрмет пен алғыстың белгісі.

«Ол кісі – қазақ әзілінің «паровозы». Әзілдерін бала кезімізден естіп өстік. Өнерін қатты құрметтеймін», – деді Алмат.

Күтпеген сыйлыққа таңғалған актер алғашында сенбей тұрғанын жасырмады. Ол өз кезегінде ризашылығын білдіріп, бұл жағдайдың шынайы ықыласпен жасалғанына тоқталды.

«Осындай інілердің барына шүкір, құрметті халайық. Бұл шын жүректен болып жатқан нәрсе. Айып етпеңіздер», – деді Бауыржан Ибрагимов.

Оқи отырыңыз: Үнемдеу мәдениеті: Алматыда жастар арасында интерактивті тренинг өтті