БҚО-да мемлекеттік қызметке кір келтірген ауыл әкімі жазаланды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Прокуратура аяқталмаған жұмыстар үшін 6,5 млн теңгенің заңсыз аударылғанын анықтады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының актісі бойынша ауыл әкімі мемлекеттік қызметке кір келтіргені үшін жазаланды, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Қаратөбе ауданының прокуратурасы аудан тұрғындары арасында бұқаралық спортты дамыту бойынша қабылданған шараларды тексеру барысында іс жүзінде аяқталмаған жұмыстар үшін 6,5 млн теңгеден астам заңсыз аудару фактілерін анықтады.

«14.11.2024 жылғы атқарылған жұмыстар актісі бойынша Қаратөбе ауданы Егіндікөл ауылдық округінің әкімімен құны 6 599 900 теңге болатын шағын футбол алаңын жөндеу бойынша жұмыстардың қабылданғаны анықталды. Алайда Қаратөбе ауданының прокуратурасы фото және бейнетіркеуді қолдана отырып шағын футбол алаңын көзбен шолып қарау барысында мердігер ұйымның сметалық құжаттамадан ауытқуға жол бергенін анықтады», - делінген хабарламада.

Атап айтқанда, орама жабынын, қоқыс салатын жәшіктер мен орындықтарды, шамдарды жабдықтау, сондай-ақ, қоршауды отырғызу жұмыстары аяқталмаған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша Қаратөбе ауданының әкімдігі Егіндікөл ауылындағы шағын футбол алаңын ағымдағы жөндеу бойынша барлық жұмысты сметалық құжаттамаға сәйкес орындау бойынша шаралар қабылдады.

«Бұдан басқа, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның Әдеп жөніндегі кеңесінің шешімімен мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтары үшін Егіндікөл ауылдық округінің әкіміне қызметке толық сәйкес еместігі хабарланды», - делінген ведомство хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Жетісу облысында құны 100 млн теңгенің жер телімі қайтарылды

Новости партнеров