Роман бір отбасының өмір жолын арқау етіп, тарихи өзгерістерді адам тағдырымен сабақтастырады
Алматыда жазушы Бекнұр Қисықовтың «Тұзды көлдердің әні» романы таныстырылды. Жаңа туындыда Сульфат ауылындағы тұзшылардың тағдыры арқылы қазақ даласының бір ғасырлық тарихы суреттеледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Роман бір отбасының өмір жолын арқау етіп, тарихи өзгерістерді адам тағдырымен сабақтастырады. Автор өткенді құрғақ дерекпен емес, қарапайым еңбек адамдарының төзімі, ішкі күйзелісі, жоғалтқан үміті мен қайта жанған сенімі арқылы жеткізеді. Шығармада Арал теңізінің тағдыры, тұзды көл жағасындағы тіршілік және көпшілікке беймәлім тұзшылар әулетінің өмірі кеңінен қамтылған. Автор домбыраның үні мен Аралдың мұңлы толқыны шығармаға ерекше көркемдік реңк беріп, өткеннің ізі мен бүгіннің тынысын бір арнада тоғыстырады.
Тұзды көлдердің әні» – қазақ прозасының дәстүрін жалғап, бүгінгі оқырманға жаңа қырынан ұсынылған шығарма.
«Романда 1917 жылдан бастап 1921-22 жылға дейін бірнеше адамның тағдыры, бірнеше отбасының көргені, революция, Ұлы Отан Соғысы, аштық, космосқа бірінші рет ұшқан адамның дәуірі – бәрін қосып, 100 жылдық дәуір талқыладық», – деді автор Бекнұр Қисықов.
Оқи отырыңыз: Алматыда жасанды интеллект негізіндегі «ақылды» жылумен жабдықтау жүйесі енгізіледі