Мерейтой актердың туған жері — Шонжы ауылында атап өтті
Қазақ театр және кино өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Тұрыс 60 жасқа толды. Мерейтой актердың туған жері — Шонжы ауылында атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Өнер саңлағына Сенат және Мәжіліс төрағаларынан құттықтау хаттары табысталды. Ал ауыл халқы қадірлі ұлын ерекше құрметпен қарсы алып, ат мінгізіп, әріптестері мен кәсіпкерлер жаңа көліктің кілтін табыс етті. Мерейтойға орай ұйымдастырылған «Өнер – тәуекелі жеткеннің тұғыры» әдеби-сазды кеші Әлмерек Жаншықұлының ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімінен басталып, аудандық мәдениет үйінде жалғасты. Думанда көрермен әйгілі актер сомдаған сахналық бейнелерді, оның ішінде «Абай» және «Сыған серенадасы» спектакльдерінен үзінді тамашалады.
«Сахнада Бекжанның өнерін көру - бөлек әңгіме. Ол – тек әртістік өнер емес, қоғамда, басымыздан өтіп жатқан адамзат өмірінде, елдегі жаңалықтарға үн қатып, үлес қосып жүрген адам. Ол – өнер мен өмірді байланыстырып, шындықты шыңғыра айтып жүрген азамат», – деді театр әртісі Мұрат Нұрәсілов.
Оқи отырыңыз: Ерім дейтін елі болмаса: аудан халқы Бекжан Тұрысқа ат мінгізді