Білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі комиссия жұмысы басталды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Конкурсқа қатысуға 113 мыңға жуық өтінім берілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын бастады. Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комиссия құрамында ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдар, бiлiм саласы кәсiподақтарының, «Атамекен» ұлттық кәсiпкерлер палатасының, жоғарғы оқу орындары қауымдастығының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері болды. Олар үміткерлердің өтініштерін қарастырады. Ары қарай талапкерлердің ҰБТ-да жинаған балына және бекітілген ережелерге сәйкес конкурстық негізде білім беру гранттары тағайындалатын болады.

«Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға 113 мыңға жуық өтінім берілді. Талапкерлердің басым бөлігінің таңдауы «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыттарындағы мамандықтарға түсті. Қабылдау науқанының нәтижесіне сәйкес болашақ аудармашылар, мұғалімдер, психологтар, дизайнерлер және заңгерлер арасында бір гранттық орынға ең үлкен конкурс болады», - делінген хабарламада.

Конкурстық ірiктеудiң қорытындысы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, сондай-ақ Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде 10 тамызға дейін жарияланады. Ал жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау 25 тамызда аяқталады.

Оқи отырыңыз: Алматы жәрмеңкелері: Алмалы және Жетісу аудандарында жаңа сауда алаңы ашылады

Новости партнеров