Білім бөліміндегі былық: Түркістан облысында лауазымды тұлғалар ақша жымқырған

Олар бюджетті бөліске салудың қылмыстық схемасын жасаған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысында білім бөлімінің 43 лауазымды тұлғасы мен жауапты қызметкерлері 2,4 млрд теңгеден астам бюджет қаржысын жымқырған. Облыс прокуратурасы аталған фактіге қатысты істі сотқа жолдады, деп хабарлайды  Almaty.tv.

Құзырлы органның мәліметінше, Мақтаарал ауданына қарасты білім бөлімі бұл салада жұмыс істемейтін тұлғалардың есеп шоттарына заңсыз жалақы аударып отырған. Осылайша бюджетті бөліске салудың қылмыстық схемасын жасаған.

"Мақтаарал ауданы білім бөлімінің 43 лауазымды қызметкерлеріне қатысты 2,5 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру туралы істі сотқа жолдады. Жымқыру білім саласында жұмыс істемейтін тұлғалардың есеп шоттарына заңсыз жалақы аудару арқылы жасалған. Бүгінгі күні күдіктілер 333,5 млн теңге көлемінде мемлекетке келтірілген залалды қайтарды, сондай-ақ олардың қылмыстық жолмен табылған 649,7 млн теңгені құрайтын мүліктеріне тыйым салынды", – деді облыс прокуратурасы басқарма бастығының орынбасары Нұрғали Бейімбетов.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өсті

Новости партнеров