Биыл ақпанда мемлекеттік аудит жүргізілген болатын
Оқу-ағарту министрлігінің, Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының лауазымды адамдары мен қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасы бойынша тиісті шаралар қабылданды, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР Жоғары аудиторлық палатасының баспасөз қызметіне сілитеме жасап.
Биыл ақпанда орта білім беруді дамытуға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігін бағалау бойынша мемлекеттік аудит жүргізілді.
«Тексеру барысында аудиторлар педагогтерді даярлау мен жұмысқа орналастыру, білім беру процесін әдіснамалық қамтамасыз ету, мемлекеттік реттеу бөлігінде және т. б. бірқатар проблемалық мәселе мен кемшіліктерді анықтады», - делінген палата хабарламасында.
Осыған байланысты Жоғары аудиторлық палата уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылығына заңнаманы бұзуға жол берген лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту мәселесін қарауды тапсырды.
Соның нәтижесінде:
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің мамандары әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының бөлім басшылары мен әдіскерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жоғары аудиторлық палата жүргізген мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша берілген басқа да тапсырмалар мен ұсынымдардың орындалуы бақылауда.
Оқи отырыңыз: Жүректен жүрекке: Алматыда қайырымдылық кеш өтті