Мемлекетке 4 миллиард теңгеден астам шығын келген
Түркістан облысының білім саласында жасырын былықтың беті ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сарыағаш ауданындағы 23 мектептің қызметкерлері заңсыз жалақы алып келген. Олар ерекше білім алуды қажет ететін 64 балаға «сабақ өттік» деп құжатта жалған ақпарат көрсеткен. Ал шын мәнінде балалар ұзақ уақыттан бері ауруханада ем қабылдап жатқан. Ешқандай дәріс өткізілмесе де, мұғалімдерге бюджеттен жалақы бөлініп отырған. Нәтижесінде мемлекетке 4 миллиард теңгеден астам шығын келіп отыр.
«Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде қаражат бюджетке қайтарылып, білім беру саласының 311 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Мағыналас жұмыстар барлық қала, аудандарда жүргізіліп жатыр», – деді облыс прокуратурасының басқарма прокуроры Дінмұхамед Жүсіп.
Оқи отырыңыз: «Халық қатысатын бюджет» жобасы: алматылықтар 4 632 өтінім берді