Ол сот отырысында фото-видеоға түсіруге қарсылық көрсетпеді
Шерзат Полаттың ісінде басты айыпталушы ретінде танылған Абзал Шынасыл бүгінгі сот отырысында фото-видеоға түсіруге қарсылық көрсетпеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол тағылған айыпты жартылай мойындайтынын айтып, оқиға болған түнді өз нұсқасында баяндап берді. Сотталушы марқұм Шерзатқа пышақ сұқпағанын, алайда бастапқыда кінәні мойындай салғанын жеткізді. Бірақ ол «Нұрқанат Ғайыпбаевқа суық қару сілтедім» дейді. Оның сөзінше, төбелес кезінде Ғайыпбаев оларға қарсы мылтық атқан. Сондай-ақ айыпталушы қол іздері қалмауы үшін пышақты сүрткенін жасырмады. Ал оған аталған істе куә ретінде танылған Жақсыгелді Дана көмектескен.
Еске салайын, Абзал Шынасылға «Адам өлтіру», «Қылмысқа дайындалу және оқталу» және «Қару қолдану арқылы бұзақылық жасау» баптары бойынша айып тағылды.
«Қонаевқа келдік уақытша ұстау изоляторына келгенде сөйлесіп үлгеріп қалдық. Тоқтаубаев Нұрбол «сенде пышақ болды» ғой деді. Сол кезде көп ойланған жоқпын, мойныма Шерзатты алдым. Бірақ Нұрғанаттың жамбасына тыққан пышақты Шыңғыс мойнына алатын болып шештік. Бәріміз келістік», – деді айыпталушы Абзал Шынасыл.
Еске салайық, Ержан Жанұзақов блогерлерге және әлеуметтік желі қолданушыларына ескерту жасады