Алматыда «Бір ауыл – бір өнім» жобасы әйел кәсіпкерлер белсене араласқан үлкен алаңға айналды. Былтыр жоба аясында 53 жаңа кәсіпорын құрылып, 236 жұмыс орны ашылған. 400-ден аса сауда нүктесі іске қосылыпты. Ал биыл жоба аясында ауқымы тағы кеңейе ме? Іріктелетін өнім мен финалистердің саны арта ма?
Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бөлімінің басшысы Жанар Ибрагимова жауап береді.