Бір шаңырақ астында: Алматыда тұратын ұлт өкілдерінің салт-дәстүрі насихатталды

№151 жалпы білім беретін мектепте 20-дан астам ұлт өкілдері білім алып жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Бір шаңырақ астында» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұлтаралық татулық пен бірлік құндылықтарын дәріптеген игі бастама №151 жалпы білім беретін мектепте өтті. Жиында әр ұлт өкілдері халқының салт-дәстүрі мен ұлттық киімдерін паш етіп, көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шара ұрпақ бойына татулық пен толеранттылықтың қадірін сіңіру үшін жасалған маңызды қадам.

Айта кетейік, бүгінде бұл білім ордасында 20-дан астам ұлт өкілдері білім алып жатыр.

 «Бүгінгі мектебіміздегі іс – шара Қазақстан халқы бірлігі күні мен Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына арналған. Осындай іс-шаралар оқушыларымыздың бойындағы ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі маңызы орасан зор», – деді № 151 жалпы білім беретін мектептің директоры Толқын Қарымсақова.

Оқи отырыңыз: Максим Рожин: Ассамблея – заң тұрғысынан азаматтардың өміріне өзгеріс әкелетін ұйым

Новости партнеров