Бір жылда 20  қылмыстық топтың жолы кесілді - ҰҚК

09.01.2026 10:23

"Кісі өлтірді, есірткі мен қаруды заңсыз сақтады" деген күдікпен 70-тен астам адам ұсталды

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді шараларды іске асырады, деп хабарлайды Аlmaty.tv

ҰҚК мәліметінше, 2025 жылы ведомство полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен 20 қылмыстық топ өкілдерінің әрекетінің жолын кесті.

«Құқық қорғау органдары "кісі өлтірді, бопсалады, есірткі мен қаруды заңсыз сақтады" деген күдікпен 70-тен астам адамды, соның ішінде қазақстандық және шетелдік азаматтарды ұстады.

Жасалған қылмыстарды тергеу барысында 30 бірлік атыс және 11 жарақат қаруы, сондай-ақ ақшалай қаражат тәркіленді», - делінген ҰҚК хабарламасында.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл шаралары жалғасып жатыр.

Оқи отырыңыз: Халықаралық іздеуде жүрген әйел Түркиядан елге жеткізілді