ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Үкімет құрамында бірқатар кадрлық өзгеріс жасалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда, Жаслан Мәдиев Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары болды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.
Ал Қанат Бозымбаев Премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Мәди Такиев ҚР Қаржы министрі лауазымына тағайындалды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Мәди Төкешұлы Такиев Қазақстан Республикасының Қаржы министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар Нұрлан Сауранбаев ҚР Көлік министрі лауазымына тағайындалды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.
Тиісті Жарлықтарға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Ал Әділет министрлігінің басшысы болып Ерлан Сәрсембаев тағайындалды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Серік Жұманғарин Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды