Бірнеше әуежайды бір мезетте салу тәжірибесі ел тарихында бұрын-соңды болмаған – Президент

28.10.2026 13:27

Жақын уақытта Зайсан, Катонқарағай және Кендірлі әуежайлары іске қосылады

depositphotos

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда бірнеше әуежайдың құрылысы қатар қолға алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президенттің айтуынша, Арқалықтағы әуежайды қалпына келтіру жұмыстары аяқталған. Жақын уақытта Зайсан, Катонқарағай және Кендірлі әуежайлары іске қосылады.

Сонымен қатар келесі жылы Астанада жаңа әуежайдың құрылысы басталады. Жобаға осы саладағы әлемдік ірі компаниялардың бірі тартылмақ.

Толық көрсету