Бірнеше жұмысты қатар алып жүруге тыйым салынуы мүмкін бе

08.09.2025 16:48

Бұл сауалға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова жауап берді

Depositphotos.com

Қазақстан азаматтарына 2-3 жерде жұмыс істеуге тыйым салына ма? Бұл сауалға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Жоқ, әрине, тыйым салынбайды. Еңбек адамы әрқашан бағаланады, егер адам жұмыс істеуге тырысса, оған ешқандай шектеу қойылмайды", — деп қысқа қайырды Светлана Жақыпова Президенттің Қазақстан халқына Жолдауынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Президент Қазақстан халқына Жолдауында жұмысшы мамандықтарына құрметті арттыру негізгі міндеттің бірі екенін айтқан болатын.