Біртұтас тәрбие: Наурызбай ауданында қандай іс-шаралар өтіп жатыр

18.04.2025 21:59

Отаншыл, білімді, жасампаз ұрпақ тәрбиелеу. Бұл – былтыр елімізде іске қосылған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының түпкі мақсаты. Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы бұрын-соңды мектептерде тек білімге ден қойылғанын, алайда ұрпақ тәрбиесіне қатысты жүйелі ұстаным болмағанын айтты. «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген Президент тәрбиеге ерекше көңіл бөлуді тапсырды. Бұл бағытта Алматыда нендей шаруалар атқарылып жатыр? Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы Наурызбай аудандық білім бөлімінің басшысы Салтанат Құсайынова жауап береді.