Биыл 112 бағыт бойынша жүретін  пойыздар бейнекамерамен жабдықталады

ҚТЖ  баспасөз қызметі
ҚТЖ баспасөз қызметі

Бүгінде 4000 камера орнатылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

2025 жылдың соңына дейін Ұлттық тасымалдаушының барлық 112 бағыт бойынша жүретін  пойыздары бейнекамералармен жабдықталатын болады, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ пойыздарда жолдағы қауіпсіздікті, жайлылықты және жедел ден қоюды арттыруға бағытталған заманауи бейнебақылау және бейнесараптау жүйелерін енгізеді. Пойыздарда 4000 камера орнатылған.

Бейне мұрағаттар ахуал орталығының экрандары арқылы қаралады, онда мамандар жағдайды жедел бақылайды және стандартты емес жағдайларды талдайды.

Бейне жүйелер ықтимал қауіптерді уақтылы анықтауға, бұзушылықтарды тіркеуге және қалдырылған заттарға ден қоюға мүмкіндік береді. Орнатылған камералардың арқасында пойыздардағы құқық бұзушылықтар 2024 жылмен салыстырғанда 21% төмендеп, шағымдар 32% азайды және ұмытылған заттардың 91% иелеріне қайтарылды.

Барлық жаңа жолаушылар вагондары интеграцияланған бейнебақылау жүйесімен жеткізілуде.

Оқи отырыңыз: СҚО-да газ тасымалдаушы көлік жарылып, 8 адам күйік алды

 

 

 

Новости партнеров