Биыл 2,5 млн қазақстандық Өзбекстанға саяхаттап барған

Almaty.tv
Almaty.tv

Саяхатшылардың көбі Ташкент, Самарқанд, Бұхара және Хиуа қалаларының көрікті жерлерін аралаған.

 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл қаңтар-қараша айлары аралығында Өзбекстанға 10,7 млн шетелдік саяхаттап барды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өзбекстан Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, биыл шетелдік туристердің саны 47,4%-ға артты. Саяхатшылардың көбі Қырғызстан (3 млн адам), Қазақстан (2,5 млн адам) және Тәжікстаннан (2,5 млн адам) келген.

Сондай-ақ Ресей, (923 мың адам), Ауғанстан (429 мың адам) және Түрікменстан (341 мың адам) азаматтарының үлесі басым.

Комитеттің мәліметінше, саяхатшылардың көбі Ташкент, Самарқанд, Бұхара және Хиуа қалаларының көрікті жерлерін аралаған.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында отшашудан екі бала жарақат алды

Новости партнеров