Биыл 34 адам пойыз қағып, зардап шеккен

12.11.2025 13:20

Теміржол өткелдерінде 24 жол-көлік оқиғасы тіркелді, оның ішінде 3-еуі жолаушылар поездарының қатысуымен орын алған

Almaty.tv

ҚТЖ темір жолда пойыздың басып кету жағдайларының санын азайтуға бағытталған алдын алу іс-шараларының кешенін іске асыруды жалғастыруда, деп хабарлайды Almaty.tv.

2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 30 адамның пойызға соқтығысуы оқиғасы тіркелген, соның салдарынан 34 адам зардап шеккен, оның 15-і өліммен аяқталған, 19-ы түрлі жарақат алған. Зардап шеккендердің арасында үшеуі кәмелетке толмаған жасөспірім.

Оқиғалардың негізгі үлесін азаматтардың теміржол көлігі объектілерінде болу ережелерін бұзған жағдайлар құрайды. 40% жағдайда (12 оқиға) зардап шеккендер мас күйінде, екі жағдайда — құлаққапта, бір жағдайда – суицид болған.

2025 жылдың 10 айында теміржол өткелдерінде 24 жол-көлік оқиғасы тіркелді, оның ішінде 3-еуі жолаушылар поездарының қатысуымен орын алған.

Осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында осы жылдың басынан бастап теміржолда ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әскерилендірілген күзетпен және желілік полициямен бірлесіп 1 570 рейд ұйымдастырылды, 2 105 жиналыс өткізілді, оның ішінде оқу орындарында 66 мыңнан астам адамды қамтыды. Рейдтердің қорытындысы бойынша құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 39 айыппұл салынды.

ҚТЖ азаматтарды теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, белгіленбеген жерлерде жолдарды кесіп өтпеуге, құлаққаптар мен зейінді төмендететін өзге де құрылғыларды пайдаланбауға, сондай-ақ теміржол объектілерінің жанында өте сақ болуға шақырады.

Оқи отырыңыз: Алматының Медеу ауданында 25 мыңнан астам тұрғын орталық су және кәріз жүйесіне қосылады