Биыл 70 мыңға жуық педагог тегін біліктілікті арттыру курсынан өтті

28.11.2025 13:31

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту жұмыстарын жалғастыруда

Almaty.tv

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту жұмыстарын жалғастыруда. Мемлекеттік қаржыландыру есебінен өткен екі апталық курсқа еліміздің барлық өңірінен мұғалімдер қатысты, деп хабарлайды  Almaty.tv.

Оқу бағдарламасы аяқталғаннан кейін курстан кейінгі қолдау шаралары ұйымдастырылып, педагогтер мазмұнды семинарлар мен тәжірибелік тренингтерге қатысу арқылы кәсіби шеберліктерін жетілдіруге, заманауи әдістемелерді өз тәжірибесіне енгізуге мүмкіндік алды.

Алдағы кезеңде де педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуын қолдауға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.

Оқи отырыңыз: Астанада ауыл әкімдерінің диалог-платформасы өтіп жатыр