Биыл Ақмола облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылады

05.03.2026 13:40

Құрылыс-монтаж жұмыстары 80 пайыз аяқталып, жабдықтарды жеткізу басталды

Үкіметтің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысының индустриялық жобаларды қолдау жөніндегі бастамаларын жүзеге асыру аясында Ақмола облысында жылына 60 млн дана кірпіш өндіретін кірпіш зауытының құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жобаның құны – 13,7 млрд теңге. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары 80 пайыз аяқталып, жабдықтарды жеткізу басталды. 2026 жылы кәсіпорынды іске қосу жоспарланған.

"Мемлекеттің көмегімен сумен және жылумен жабдықтау желілерін жүргізу мәселелері шешілді. Қолдау шараларының бүкіл кешені бізге өнімнің кең ауқымын шығаруға жағдай жасап, өңірдің дамуына мультипликативтік әсер береді", — деді кәсіпорын басшысы.

Оқи отырыңыз: Көкшетауда ЖЭО салу жөніндегі Президент тапсырмасы қалай орындалып жатыр