Chint компаниясы Қазақстандағы электротехникалық құрылғыларды ұсынатын үздік үштіктің қатарында тұр
Биыл әлем бойынша электр құрылғыларын шығарушы ретінде танылған Chint компаниясының құрылғанына 40 жыл толды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Кәсіпорын тұтынушылар үшін сапалы өнім өндіруді қолға алған.
"Сіздерге жаңа өнімімізді таныстырып өтейін. Бұл – автоматты түрде, қашықтан жұмыс істейтін құрылғы. Мұны зәулім ғимараттарда, ірі сауда орындарында қолданған қолайлы. Мобильді қосымша арқылы да басқаруға болады", – деді "Chint kz" ЖШС менеджері Лев Пьяных.
Chint компаниясы Қазақстандағы электротехникалық құрылғыларды ұсынатын үздік үштіктің қатарында тұр. Әлемнің 140 еліндегі тұтынушылармен байланыс орнатқан ірі мекеме биыл 40 жылдығын атап өтіп жатыр.
"Компанияның негізі 1984 жылы қаланған. Осы уақыт ішінде әлем елдерінің нарығында ойып тұрып орын алдық. Жыл сайын компаниямыз жаңа өнімдермен толығып келеді. Алайда біз үшін өзгермейтін бір-ақ нәрсе бар, ол тұтынушыларға пайдалы әрі ыңғайлы электр құрылғыларын ұсыну", – деді "Chint kz" ЖШС маркетинг бойынша директоры Константин Харинов.
Ірі компания төмен, орташа және жоғары кернеулі қондырғыларды жеткізеді. Сала мамандары «тұтынушыларға сапалы әрі заманауи өнім ұсыну – басты міндетіміз» дейді. Компания тауарларын жыл сайынғы Powerexpo Almaty халықаралық көрмесіне шығарады.
"Біз ұсынатын өнімдердің түрі көп. Ірі қондырғылардан бастап, шағын құрылғыларға дейін шығарамыз. 0,4 кВольт болатын, яғни модульді құралдарға дейін өндіреміз. Электр құрылғыларының дизайны да ерекше", – деді "Chint kz" ЖШС сату бойынша аймақтық жетекшісі Сергей Тюкин.
Айта кетейік, ірі компания Powerexpo Almaty халықаралық көрмесіне тұрақты түрде қатысып келеді. Атакент халықаралық ынтымақтастық көрме орталығында өтіп жатқан іс-шара еліміздің Энергетика министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің, «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының, Инженер-энергетиктер одағының қолдауымен ұйымдастырылды.
Гүлмарал Изатқызы, Рашиддин Якупов