Биыл елде нәрестелерге ең жиі қойылған есімдер қандай

26.12.2025 12:30

Былтырғы жылмен салыстырғанда ұлдарға қойылған танымал есімдер тізімі өзгеріссіз қалды

Depositphotos

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылы елде нәрестелерге ең жиі қойылған есімдер туралы мәлімет жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

2025 жылы ұлдар арасында Мұхаммед, Алихан, Айсұлтан, Омар және Алдияр есімдері ең танымал болды. Былтырғы жылмен салыстырғанда ұлдарға қойылған танымал есімдер тізімі өзгеріссіз қалды. Аймақтық тұрғыдан алғанда, ұлдарға ең жиі қойылған есімдер Мұхаммед пен Алан.

2025 жылы дүниеге келген қыздарға көбіне Айлин, Асылым, Медина, Айша және Томирис есімдері берілген. Аймақтарды алып қарасақ, Айлин есімі ең танымал болып шықты, 20 аймақтың 16-да осы есім ең танымал болған. Биылғы қыздар есімдері арасында да алғашқы бестік былтырғы тізіммен бірдей болып шықты.

Айта кетейік, осы жылы орыс ұлтының өкілдері арасында ең танымал есімдер Ева мен Мирон болса, өзбек ұлтының өкілдері арасында Мухаммад пен Хадича есімдері тізім басында тұр.

Оқи отырыңыз: Алматыда жастар арасында құқықтық мәдениет қалыптастыру мақсатында 300-ден астам іс-шара өтті