Түлектерге аттестатты тапсыру рәсімі 18-20 маусым аралығында өтеді
Биыл ел аумағында соңғы қоңырау салтанатты шарасы 23-24 мамырда өтеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Оқу жылын «Білімім – Отаныма» бірыңғай сынып сағатымен қорытындылау жоспарланып отыр. 11-сынып түлектеріне арналған салтанатты шараны әр мектептің педагогикалық кеңесінің шешіміне сәйкес «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбында 23-24 мамырда өткізу ұсынылады», - деді Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында.
Түлектерге аттестатты тапсыру рәсімі 18-20 маусым аралығында өтеді.
«9 және 11 сынып оқушыларының қорытынды емтихандары 29 мамыр-16 маусым аралығында тапсырады. Биыл 11-сыныпты 217 мың түлек аяқтайды, сондай-ақ 9-сынып бітіретін 364 мың оқушы мектепте оқуды жалғастыру немесе колледжге түсу туралы шешім қабылдайды»,- дейді ол.
Оқи отырыңыз: Көлсайда ілбіс фототұзаққа түсіп қалды