Биыл ирригация жүйелеріндегі су шығыны 250 млн текше метрге дейін азайды

26.09.2025 10:21

Су шаруашылығы мен ирригациялық жүйелерді дамыту үшін қазір 14 ірі жоба іске асырылып жатыр

Depositphotos

Биыл Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті ирригациялық және дренаждық жүйелерді қалпына келтіру жұмыстары аясында 8,47 км канал, 11,2 км коллекторлық-дренаждық жүйе және 27 ұңғыманы реконструкциядан өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше бұл шаралар нәтижесінде ирригациялық каналдардағы су шығынын жылына 250 млн текше метрге дейін қысқартуға және 95 мың гектар алқапты суармалы сумен қамтамасыз етуді жақсартуға мүмкіндік береді.

"Су шаруашылығы мен ирригациялық жүйелерді дамыту үшін қазір 14 ірі жоба іске асырылып жатыр, олар 2026-2027 жылдары аяқталады. Бұдан бөлек, тағы 211 жобаның жобалау-сметалық құжаттары дайындалып жатыр", — деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаев.

Оқи отырыңыз: Дархан Сатыбалды мерзімнің сақталмауы мен жұмыстың сапасыз орындалғаны үшін мердігерлерді сынға алды