Министрдің мәліметінше, Қызылорда-Ақтөбе ең маңызды дәліздің ішіне кіреді
Бүгін Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев биыл қандай өңірлік жолдардың құрылысы басталатынын атады, деп хабарлайды Almaty.tv. kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.
- Негізгі транзиттік бағыттармен қатар өңірлік және әлеуметтік маңызы бар жобаларды, атап айтқанда, Қарағанды-Жезқазған және Орталық-Батыс бағыттарын дамыту да ерекше назарда. Аталған жобалар бойынша жұмыстар жасалып жатыр. Құрылыс жұмыстарын осы жылдың мамыр айында бастаймыз, - деді ол.
Министрдің мәліметінше, Қызылорда-Ақтөбе ең маңызды дәліздің ішіне кіреді. Бұл участок Батыс-Еуропа – Батыс-Қытай және Ресей мен Орталық Азия бағыттарының қосылатын арнасы болып есептеледі.
- Қызылорда-Ақтөбе жобасы 3 учаскеге бөлінген. Ақтөбе-Ұлғайсын және Сексеуіл-Қызылорда құрылысы осы жылы басталады. Ал Ұлғайсын-Сексеуілді келесі жылы бастаймыз. Жоспар бойынша үш учаскінің жұмыстарын бір уақытта бітіруіміз қажет, - деді Нұрлан Сауранбаев.
Оқи отырыңыз: 15 наурыздағы референдум алдында алматылықтар нені білуі керек