Биыл пошта мен курьерлік қызметтен 35,4 млрд теңге түскен

13.06.2025 12:52

Оның 8,6 млрд теңгесі халыққа көрсетілген қызметтен түсіп отыр

Rowan Freeman/unsplash.com/

2025 жылдың қаңтар-мамыр аралығында көретілген пошта және курьерлік қызмет көлемі 35,4 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,1% артық. Бұл туралы Ұлттық статистика бюро мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның 8,6 млрд теңгесі халыққа көрсетілген қызметтен түсіп отыр.

Стат бюроның мәліметінше, пошта мен курьерлік қызметтің басым бөлігі Алматы қаласында тиесілі көрінеді. Жалпы көлемнің 58,9%, ақшалай мәнде бұл 20,8 млрд теңге екені белгілі болды. Екінші орында Астана – 4,8 млрд теңге. 

Айта кетейік, курьерлік қызмет бір жылда 3,3%, ал сәлемдеме жіберу 17,7% қымбаттаған.

Оқи отырыңыз: Петропавлда жұмысшы ЖЭО-2 аумағында жоғарыдан құлап кетті