Биыл суға кеткен 30 баланың бәрі ересектердің қарауынсыз қалған
ТЖМ
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстанда биылғы шомылу маусымы басталғалы суға батып қаза болған балалардың барлығы ересектердің қарауынсыз қалған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Министрліктің мәліметінше, биыл шомылу маусымы басталғалы еліміздің су айдындарында 93 адам суға батып қаза болған. Оның 30-ы – кәмелетке толмағандар.
" Олардың барлығы ересектердің қарауынсыз болған. Балаларды қараусыз қалдыру судағы қайғылы жағдайлардың негізгі себептерінің бірі саналады", – делінген министрліктің жауабында.
ТЖМ мәліметінше, қайғылы жағдайларға шомылуға тыйым салынған жерлерде суға түсу, жүзе білмеу, өз күшін асыра бағалау және алкогольдік мас күйде суға түсу себеп болады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
25.10.2026 10:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
25 қазанда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
25.10.2026 10:05
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37