Мәдениет үйіндегі музей бұрышында жазушысының тұтынған жеке бұйымдары, қолжазбалары мен кітаптары қойылды
Биыл қазақ поэзиясының ақберені, халық жазушысы Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 90 жыл толды. Атаулы дата аясында Алматы облысында ақын рухына арналған «Қайран менің жүрегім» атты әдеби-сазды кеш өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Концертке зиялы қауым өкілдері, жас қаламгерлер мен өнер иелері жиналды. Жан жүректі тербейтін жырлар оқылып, сырлы сезімге толы әндер орындалды. Сонымен қатар ақын есімін еншілеген аудандық мәдениет үйінде музей бұрышы ашылды. Мұнда халық жазушысының тұтынған жеке бұйымдары, қолжазбалары мен кітаптары қойылды. Бұл экспозиция – жыр сүйер қауым үшін тағылымды дерек, ұрпақ үшін өшпес өнеге.
«Қазақ деген халқым барда менің өлеңім өлмейді. Тек қана өсе береді деп өзі айтып кеткендей ел жұрт тұрғанда Тұманбай жасай береді деп ойлаймын. Ұйымдастырушылардың бәріне алғысымды айтамын», – деді Т. Молдағалиевтің жары Күлтай Қасымова.
«Кіндік қаны тамған туған топырағы Еңбекшіказақ ауданында өзінің есімімен аталатын әдениет үйінде музей бұрышы ашылып жатыр. Ел үшін жасалып жатқан игі шара. Сондықтан мерейтойдың аясында облыстық республикалық деңгейде шаралар болады. Ал бүгінгі шара бастамасы болып жатыр», – деді Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Әлиев.
Оқи отырыңыз: Мұғалімдерге қоңырау шалады: Қазақстанда алаяқтықтың тағы бір түрі анықталды