Биыл университеттерде жасанды интеллект курстары міндетті пән ретінде оқытылады

28.08.2025 18:57

Бүгінде 390 мыңнан астам студент курстан өтіп, 3 мыңнан астам оқытушы сертификат алған

Биыл барлық университеттерде жасанды интеллект курстары міндетті пән ретінде оқытылады. Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова бұл бағдарлама студенттерге болашақта жаңа технологиялар жасап, стартаптар ашуға мүмкіндік беретінін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазір 93 жоғары оқу орны бағдарламаcын жаңартқан. Ал 20 университет 25 жаңа білім беру бағдарламасын ашқан. Бүгінде 390 мыңнан астам студент курстан өтіп, 3 мыңнан астам оқытушы сертификат алған.

«Нәтижесінде Қазақстанда жасанды интеллект мамандарын жаппай даярлау басталды. Бұл елімздің АҚШ, Қытай және Финляндия сияқты жасанды интелектінің кеңінен енгізген алдынғы қатарлы мемлекеттердің қатарына қосылуына жол ашады. Бұл қадамдар Қазақстандық білім беру жүйесін нығайтып, үздік халықаралық тәжірбиелерді енгізуге және шетелдік студенттер санын арттыруға мүмкіндік береді», – деді ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова.

1 қыркүйектен бастап студенттердің степендиясы өседі. Вице-министрдің дерегінше, бакалавриат үшін 52 мың 372 теңге, педагогикалық мамандықтарға 84 мың теңге, магистранттарға 117 мың 098, ал докторанттар үшін 262 мың 500 теңге болады. Жатақхана мәселесі күн тәрбінен түскен жоқ. Алматыда 8 мың орын тапшы. Министрліктің мәліметінше, 6 мыңнан астам студент жекеменшік хостелдерге, мыңнан астамы қонақ үйлерге орналастырған. Сондай-ақ шаһарда ахуалдық және дағдарыс орталықтары да жұмыс істеп тұр. Ахуалдық орталық студенттерді жатақханалардағы орындар туралы хабардар етсе, дағдарыс орталықтар форс-мажорлық жағдайларда тұрғын орынмен қамтамасыз етеді.

 «Жекеменшік мемлекеттік әріптестік аясында салынған биылғы таңда 3180 орындық 4 жатақхана іске қосылды. 2025 жылы 10276 орындық 29 жатақхананы іске қосу жоспарланып отыр. Яғни жоба 2018 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. 62 000 орындық жатақхана пайдалануға берілген», – деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ақерке Абылайхан.

Оқи отырыңыз: Елімізде оқу бағдарламасына жасанды интеллект сабағы енгізіледі