Биыл Жақсылық Сәмитұлының туғанына 85 жыл толды

22.05.2025 16:51

Алматыдағы Ұлттық кітапханада әдеби танымдық кеш өтті.

Биыл қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосқан көрнекті жазушы Жақсылық Сәмитұлының туғанына 85 жыл толды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматыдағы Ұлттық кітапханада әдеби танымдық кеш өтті. Алқалы жиында қаламгердің көзін көргендер естелігін айтып, баяндама тыңдалды. Сонымен қатар 7 томдық кітаптың да тұсауы кесілді. Туындыда Сәмитұлының жазған әңгімелері, «Қаһарлы алтай» трилогиясы, «Тәкіман батыр» деректі-танымдық романы мен монографиялары топтастырылған.

«Күзге қарай ғылыми конференция өткізіп, ғалымдарды, әдебиеттанушыларды кітаппен таныстыруды жоспарлап жүрміз. Сонымен бірге Астана қаласында кітаптың тұсауын кесеміз», – деді кітаптың шығарушы редакторы Жақсылық Қазымұратұлы.

Оқи отырыңыз: Алматыда "Жас сақшы" полиция сыныбының үздік оқушылары марапатталды