БҚО-да алимент берешегі бар ер адам қамауға алынды

19.06.2025 08:45

Оның алимент бойынша берешегі 375 871 теңгеге жеткен

niu niu/ unsplash.com/

Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық сотында А. деген тұрғынға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабы 1-бөлігіне сәйкес қозғалған іске нүкте қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

БҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, ер адам кәмелеттік жасқа толмаған балаларын асырап бағу үшін барлық табысының ½ бөлігі мөлшерінде алимент өндіру туралы сот шешімін ұзақ уақыт бойы орындамаған. 

Соның салдарынан оның алимент бойынша берешегі 375 871 теңгеге жеткен.

"Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындап, қатаң жаза қолданбауды сұрады. Іс материалдарына сәйкес, А-ның кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, сот орындаушысының берешек туралы қаулысымен, сот шешімімен, атқарушылық іс жүргізу құжаттарымен және басқа да материалдармен дәлелденді. Сот әкімшілік жаза қолдану кезінде жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескерді. Ер адам кінәлі деп танылып, оған 3 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды. Қаулы заңды күшіне енді", - деп хабарлады ведомстводан.

 Оқи отырыңыз: Алматыда жұмыссыздық деңгейі 4,5 пайыз төмендеген