БҚО-да анасын өлтірген адам 9 жылға сотталды

09.10.2024 08:58

Жазасын кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу белгіленді

elements.envato.com

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен анасын өлтіру дерегі бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Аталмыш соттың баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жасөспірімге ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігіне сәйкес аса қатыгездікпен адам өлтірді деген айып тағылды.

Істің мән-жайын заң бойынша жария ету мүмкін болмағандықтан, іс жабық сот отырысында қаралды. Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, шын ниетпен өкінетінін айтты.

Үкімді шығару кезінде сотталушының кәмелетке толмағаны, мінез-құлқы, қоғамдық қауіптілік дәрежесі мен жасаған қылмысының ауырлығы және шын ниетпен өкінуі ескерілді.

Сот заң талаптарын негізге ала отырып, оған ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігімен 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазасын кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу белгіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз: ШҚО тұрғыны жолда жаралы жатқан, Қызыл кітапқа енген құсты құтқарып қалды