БҚО-да шекарадан есірткі алып өтпек болған екі адам сотталды

elements.envato.com
elements.envato.com

Олардың әрқайсысына мүлкі тәркіленбестен 200 АЕК мөлшерінде 738 400 теңге айыппұл кесілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бөрлі аудандық сотында Я. және Б. деген азаматқа қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

БҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталған екі адам «Ақсай» бақылау-өткізу бекетінде шекарашылардың бақылауынан өту кезінде ұсталған. Оларды тексергенде есірткі заттары табылды. 

«Сот үкімімен Я. және Б. ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі, 286-бабы 1-бөлігі, 296-бабы 2-бөлігіне сәйкес есірткі затын өткізу мақсатынсыз заңсыз сатып алғаны, сақтағаны, тасымалдағаны және контрабандаға оқталып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өткізгені (оларға байланысты емес мән-жайлар бойынша әрекет соңына дейін жеткізілмеген) үшін кінәлі деп танылды. Олардың әрқайсысына мүлкі тәркіленбестен 200 АЕК мөлшерінде 738 400 теңге айыппұл кесілді. Сот жаза тағайындау кезінде сотталушылардың жеке басын, тұрақты жұмыс орны, айыппұл төлеуге мүмкіндіктері, оң мінездемелері бар екендігін, жауаптылықты жеңілдететін, ауырлататын мән-жайларды ескерді», деп хабарлады ведомстводан.

Оқи отырыңыз: Пышақтап, көміп кеткен: бір апта бұрын іс-түссіз жоғалған ломбард бағалаушысының мәйіті табылды

Новости партнеров