БҚО-да жеке шаруашылықтың шөбі өртеніп кетті

25.10.2024 11:38

Дерекке қарағанда, тосын оқиғадан зардар шеккендер жоқ

ТЖМ

Батыс Қазақстан облысында ТЖД мамандары жанып жатқан шөпті сөндірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ақжайық ауданының Бударино ауылында жеке тұрғын үйлердің бірінің аумағында 52 орам шөп пен шаруашылық құрылыс өртенді.

Өртті сөндіру бойынша іс-қимылдарды сәтті жүргізудің арқасында өрт сөндірушілер жалынды 70 шаршы метр алаңда сөндіріп, оның өздігінен пайда болуына мүмкіндік тудыратын жағдайларды жойды», — деп жазды ведомстводан.

Дерекке қарағанда, тосын оқиғадан зардар шеккендер жоқ.

ТЖМ шөпті өздігінен сөндіру қатты жел, жоғары жалын мен адам саны жеткіліксіз жағдайда қауіпті болуы мүмкін екенін еске салады.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында тергеу изоляторынан қашып кеткен күдікті ұсталды