БҚО-да жол апатынан жас қыз көз жұмды

26.05.2025 16:13

Оқиға 26 мамырға қараған түні болды

Clark Van Der Beken/ unsplash.com/

Батыс Қазақстан облысында Орал-Атырау жолында бір отбасының мүшелері жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға 26 мамырға қараған түні болды. БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен алынған алдын ала мәліметке қарағанда, жеңіл көлік аударылып қалған. 

Оқиға орнына шұғыл түрде Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық дәрігерлік амбулаториясынан және Тасқала аудандық медициналық жедел жәрдем станциясынан бригадалар жіберілді.

"Жол апаты салдарынан 2009 жылғы қыз жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды. Тағы бес адам түрлі дене жарақатын алып, медициналық көмекке жүгінді. Олардың бәрі де — бір отбасының мүшелері", — деп хабарлады ведомстводан.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

Оқи отырыңыз: Ұлттық музыкалық аспаптардың көрмесі өтті